«...Өлгенше күлесің!»
Бір егде кісі жас келіншекпен танысыпты. Келіншек әзілқұмар, юмор мен анекдот айтқанды жақсы көреді екен. Ал, әлгі еркектің әзіл қалжыңға ебі жоқ екен, соған келіншектің көңілі толмай қалып: «Ең болмаса, дұрыстап әңгіме айта алмайсың, қолыңнан общым, не келеді?»депті. Сонда анау «фотосуретіңді түсіре алам, портретіңді салып бере алам!» десе, қыз оған да көңілі толмай қабағын керген ғой. Сонда жігіт: «Ого-о, менің тағы да бір өнерім бар, жақсылап қытықтай алам, өлгенше күлесің!» деген екен.
«Қуыршақтардың шашы ұзын...»
Немерем бала бақшаға баратын еді. Ұлым оны алып кетуге бала бақшаға барса, ол қуыршақтармен ойнап, олардың шаштарын қиып тастап жатыр екен. Әкесі шошып кетіп: «Ботам, неге олардың шаштарын қиып тастап жатырсың» десе, немерем: «Олардың шашы ұзын болса, ақылы қысқа болады, ал, шаштары қысқа болса, ақылдары ұзын болады» деп тағы бір қуыршақтың шашын кесіп тастапты.
«Жүрегімен айтады!»
Бір студент «Достар, бүгін бір талантты әншінің концерті болады, соған барайықшы» депті. Сосын жастар жиналып концертке барады. Зал адамдарға лық толы. Сахна.Музыка.Залда бір тыңдарман: «Дауысты күшейтіңдер» деп айқайласа, екіншісі: «Дауысы естілмейді!» деп айқайлапты. Сонда үшіншісі: «Ол дауыспен айтпайды, жүрегімен айтады!» деп айғайлапты.
«Бара бер,ақша мәселесін осы әңгімеден кейін шешем...»
Менің бір танысым аудандық кәсіпкерлер одағының төрағасы болып істейтін еді. Соны ойда жоқта столицаға жиналысқа шақырды. Жиналыстан кейін аудан бастығы Байқош одақтың ең үлкен, ең әйдік бастығының қабылдауына кірген ғой. Әйдік бастық Ойқас алдында отырған ауданнан келген Байқошқа: «Жылда сендерге ақша бөлінеді, дамытқан кәсіпкерліктерің қайда, іскерліктерің қайда, бөлінген ақша қайда. Тіпті есеп беру дегенді білмейсіңдер! Адамгершіліктерің қайда, на то пошло, әлгі мораль дейтін бе еді, сол моралдарың қайда!» деп зіркілдеп, ұрсып отыр дейді. Сол кезде ауданның кәсіпкерлер одағының бастығы Байқош: «Мырза, басеке, осы мәселе бойынша сізге арнайы , жеке доклад та дайындап, алып келіп едім. Айтпақшы, бізде бір жас сұлу бала кәсіпкерлік ашып, жұмыс істеп жатыр еді, сол бала сізбен «сөйлесем» дегесін, осында алып келіп едім...
«Ол қайда, осында ма?»
«Иә, осы сіздің қабылдау бөлмеңізде күтіп отыр.»
«Онда кірсін.»
Қабылдау бөлмесінде үлкен бастықтың рұқсатын күтіп отырған әлгі «кәсіпкер» қыз бала кіріп келгенде , оның сұлулығынан аузының сілекейі ағып, тілі салбырап қалған әйдік бастық Ойқас аудан кәсіпкерлерінің бастығы Байқошқа: «Сен бара бер, анау ақша мәселесін, осы мына кәсіпкер баламен әңгімеден кейін шешем» депті.
«Мынауың жаңалық қой, бар да патент ал!..»
Ауылда айтқыштар көп қой. Олар бірін бірі сөзбен қажап отырғанды жақсы көреді. Оның бірі Айдабол, екіншісі Қайдабол. Бірде Айдабол Қайдаболға:
-Биыл сен оқуға түсуге бармай ақ қой- депті.
-Е, неге?
-Мен жоғары білімді бір айда беретін жаңалық таптым- депті.
-Қалай?
-Міне, былай, мынау сенің басың ғой?...
-Иә.
-Осы басыңдағы мидың ақыл қонатын түйнектері қай жерде?
-Білмейім...
-Білмесең, миыңа ақыл қонатын екі түйнек мынау екі құлағыңның түбінде, үшіншісі төбеңде
-Ал?...
-Олай болса, екі ақыл түйнегі тұрған жерге 24сағатқа музыка қойып қоясың, содан кейін сен бүкіл әлемнің музыкасын біліп шығасың, 48 сағатқа ағылшын тілін қойып қоясың, содан кейін сен ағылшынша сөйлеп кетесің, сосын 96 сағатқа әдебиет пен тарих туралы әңгімелерді қойып қоясың. Содан соң бітті, бүкіл білімді бір айда меңгеріп шығасың! Содан соң мен саған «Адамға қажетті білімнің бәрін меңгерген» деген сертификат беремін! Басқа оқуға бармай ақ, кез келген жерде қызмет істеп жүре бересің!-депті Айдобол Қайдаболға. Қайдабол сонда:
-Онда айтқаның болсын, оқуға бармасам, бармай ақ қояйын. Бірақ, мынауың керемет жаңалық қой. Кешікпей бар да патент ал, әйтпесе, үлгірмей қаласың- деген екен.
ЖАЗУШЫЛАР ҚАЛМАҒАН БА?..
Айдабол мен Қайдабол үйдің алдында ерігіп отырып, жазушылар мен ақындарды әңгіме қыпты.Сонда Айдабол Қайдаболдан:
-Осы ақындардың бастығы кім екенін білесің бе? -деп сұрапты
-Білем. Ақын ғой.
-Онда оның орынбасары бар шығар, ол кім екен?
-Ол да ақын ғой.
-Орынбасарының орынбасары ше?
-Ақын ғой.
-Орынбасарының көмекшісі болады деуші еді. Ол кім екен?
-Ол да ақын ғой.
-Ал биыл жазушылыққа мүшелер қабылдаған екен, олар кімдер?
-Ақындар ғой.
-Өй,олардың бәрі өлеңшіл боп кеткен бе! Сонда Жазушылар одағында жазушы қалмаған ба?- деген екен Айдабол.
«Енді қалаға барсам, мұрным пұшық боп қалсын!...»
Айдобол мен Қайдабол бір ауылда тұратын құрдастар ғой. Соның Айдаболы бір күні пойызға отырып, қалаға қыдырып кетіпті. Бір аптадан кейін, азып тозып,жүдеп кеткен Айдабол пойыздан түсіпті. Құрдасын пойыздан қарсы алған Қайдабол:
-Өй, үн жұрғаң түсіп кетіпті ғой, не болған саған?-деп сұрапты.
-Ой, айтпа, бұдан былай енді қалаға барсам, мұрным пұшық болып кетсін!
-Е,неғып?
-Ойбай, қала, қала деп қадірлейтін түгі жоқ екен. Вокзалдын түсе салa «Махаббат» дейтін қонақ үйіне орналастым. Қаласында қыдырайын десең, қыдыратын да жері жоқ. Содан бар баратын жерім жатын бөлме, сосын туалет, тағы жатын бөлме, сосын туалет. Общым, маршрут - күнде жатын бөлме, сосын туалет, cодан ақ, өлердей шаршадым. Енді қаланы артым көрсін!- деген екен Айдабол.
«Енді алдары да бұлтыңдайтын болыпты...»
Айдабол мен Қайдабол көшеде келе жатқанда алдарынан бұтына жұқа қара калготки мен майка киген қыз шыға келіпті. Бәрі бұлтиып көрініп тұрған сияқты болғасын, соған Қайдабол көзін алмай тесіліп қарап қапты. Сонда Айдабол: «Не болды саған, қызға сонша тесіліп қарап?» десе, сонда Қайдабол: «Бұрын келіншектердің бөкселері бұлтыңдайтын сияқты еді, енді алдары да
«Онда дұрыс болған екен...»
Күйеуі мен әйелі ұйықтап жатса керек. Күйеуінің ұйқысырап жатып, ойда жоқта жарының төсіне қолы тиіп кетіпті. Жұбайы: «Ойбай, ауырттың!»деп шар ете қапты. Күйеуі шала пұла көзін ашып: «Не болды, түн ортасында айғайлап!?»десе, «Төсің жоқ, төсің жоқ дей бергесін, бүгін төсіме ота жасатқамын. Көрмейсің бе, шамалы шөмеледей болып, дүңкиіп жатқанын!?»-депті әйелі күйеуінің кеудесіне назар аударғанын қалап. Сонда: «Онда дұрыс болған екен, екі арасына басымды тығып ұйықтайтын»деген күйеуі қайтадан қор ете қапты.